2023 жылы 25 желтоқсан күні «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» ҚМҚК кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында «Мен кітапты ашамын. Мен әлемді танимын!» атты турнирді кітапханашы М.К. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен өткізілді.
Турнирдің мақсаты: кітаптарға деген қызығушылықты қалыптастыру; жастар ортасында оқуға деген сүйіспеншілікті шығармашылық тәсілдермен ояту, турнир барысында үш команда әдеби шығармалар бойынша білімдерімен жарысты. Олар үшін тапсырмалары бар онлайн платформалар дайындалды. Турнир соңында студенттер QR-код арқылы қорытынды жасады.